Кезекті оқу жылы аяқталып, бүлдіршіндер жазғы демалысқа қызу дайындық үстінде. Бірі ауылдағы ата-әжесіне барса, енді бірі лагерьге жолдама алған. Дегенмен, ең қызықты демалыс жазғы лагерьде болары сөзсіз. Жаңа достар, әртүрлі ойындар, серуендеу, кешкі алау басында ән айту... Осыған орай Есік қаласындағы тау бөктерінде орналасқан «Алтын адам» туристік-экологиялық лагері алғашқы бүлдіршіндерін қабылдап, «Жаз-2015» маусымының ашылу салтанатын өткізді. Мерейлі жиынға аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Салтанат Беспаева қатысты.

Бір қатарға сап түзеп, жүздері бал-бұл жанған балғындар өздерінің топтарын таныстырды. Кейіннен Салтанат Беспаева:

– Бүгін біздің бүлдіршіндер үшін ерекше күн. Біріншіден, төл мерекелері болса, екіншіден, лагерьдің ашылуы. Құрметті балалар, сендер осындай құрметке лайықсыңдар. Еліміздің болашағы сендер болғандықтан, жақсы оқып, жазда жақсы демалуға жағдай жасау – біздің міндетіміз» – деп, оқушыларды мерекелерімен құттықтады. Аудандық балалар мен жасөспірімдер туризм және экскурсия орталығының директоры Сейдахмет Жұмалиев пен аудандық білім бөлімінің бас маманы Қайролла Әлішев құттықтау сөз сөйлеп, лагер балаларға жазғы демалысты көңілді өткізуін тіледі. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты. Нұрбек Нұртай мен Данияр Бекбауов қос ішекті домбырадан күмбірлете күй төкті. Әсем Ахметбек пен Дария Кеңесбек мың бұрала билесе, Аружан Насрулланованың әуелете салған «Қазақ елі» әні бүлдіршіндердің көңілін көтерді. Мереке соңында оқушылар салтанатты жиын қонақтарымен естелік суретке түсті.

Айта кетейік, аталған лагерь бір уақытта 100 оқушыны қабылдай алады. Орталық директоры Сейдахмет Жұмалиевтің айтуынша, 1-ші лекте 93 бүлдіршін бар. Олардың басым бөлігі – әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан балалар. «Мұнда демалысты қызықты өткізуге барлық жағдай жасалған. Барлығы кесте бойын-ша жүзеге асады. Тіпті, кейбір балалар үйлеріне қайтар сәтте лагерь мен жаңа достарын қимай, көздеріне жас алып жатады» – дейді орталық директоры.                              

Сардарбек НҰРАДИН.


Источник: http://www.enbekshikazah.gov.kz/index.php/ru/zha-alyktar/650-zhazgy-lager-ashyldy


Закрыть ... [X]

Жаз ы лагерь жабылу салтанаты сценарий - Где можно найти этот Готовые сценарии с юмором

Лагер жабылу салтанаты сценарий Вопросы с тегом жазы-лагерь-ашылу-салтанаты-сценарий-кеш
Лагер жабылу салтанаты сценарий Жазы демалысты жабылу салтанаты - ГУ Отдел образования
Лагер жабылу салтанаты сценарий Мектеп жанындаы жазы сауытыру лагері - Инфоурок
Лагер жабылу салтанаты сценарий Жазы тыныу лагерды сценарийлері - Инфоурок
Лагер жабылу салтанаты сценарий «ош бол, ызыты Айглек лагері!» Трбие. kz
Лагер жабылу салтанаты сценарий Жазгы лагерь ашылды
Автомобилист. org - Клуб любителей автомобилей Ваш ребенок может стать ЗВЕЗДОЙ ТВ-ролика! Идеи для вашего Дома - Дизайн интерьера - Идеи поделки своими Лагерь ашылу салтанаты - Сценарии праздников: дошкольные ОГКУ СО Социально-реабилитационный центр для Подарки родственникам жениха. Подарки и поздравления