Омарова Ақнұр Байтұрсынқызы
 Болашаққа нық қадам (Аттесттат табыстау кеші)

Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі «Болашаққа нық қадам» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер.
Қош айтысты екінші ұяң-мектебің,
Сен осында гүл боп өніп, көктедің.
Кіп-кішкене бала болып келіп ең,
Басталды енді жастық дәурен аттестат алу кешіні? сценарий көктемің.
Жамандықтың аулақ қонсын ат-тоны
Абыройын мектебіңнің төкпегін.
Жүрсін ұстаз атағыңа марқайып,
Тәлім берген шәкіртім Ол-деп,-менің!
Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Шақырамыз ортамызға қол соғып,
Төрлетіңдер, бүгін Сізге жол ашық!-деп мектеп бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырамыз.

/ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны орындалады./
Жүргізуші:
Бүгінгі «Болашаққа нық қадам» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.
1. Аманжолов Ғабит – аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы
2.Мұрат Тұрабаев -аудандық білім бөлімінің бас маманы
3.Кейқуатов Тұтқабай Қалтайұлы- ауыл әкімі
4. Әбутахир Маханбетұлы -ардагерлер кеңесінің төрағасы
5.Нәлібаева Баян Мәлібекқызы-әйелдер кеңесінің төрайымы
Сонымен бірге ардагер ұстаздарымыз қатысып отыр.
Қош келдіңіздер.

Жүргізуші:
Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Жақұтың жарқырап тұр нұр төге бір!
Аты тым жақын ұяң – мектеп болса,
Бақытың – алдыңдағы үлкен өмір!
Кездесер жолдарыңда тас, асыл да,
Өрілер алдан үлкен, кіші асу да,
Ақ арманды ту етіп, сан жұлдыздар,
Керіліп көкке ілінуге асығуда!

Жүргізуші:
Алдарымызда кеше ғана тарыдай боп мектеп табалдырығынан аттаған бүлдіршіндеріміз бүгін таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып мектеп қабырғасынан аттағалы отыр.
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз,-деп бүгінгі салтанатты жиынымызды ашу үшін сөз мектеп директоры Бәкірова Мәдина Асанбекқызына беріледі.

Ән:
Жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегі ауыл әкімі Кейқуатов Тұтқабай Қалтайұлына, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тахир ағайға және әйелдер кеңесінің төрайымы Баян апайға беріледі.
Жүргізуші:
Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп түлектерді құттықтау үшін сөз аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Аманжолов Ғабит ағайға, аудандық білім бөлімінің бас маманы
Мұрат Тұрабаев ағайға береміз.

Ән:
Жүргізуші:
Ерекше еді, балғын еді, жақсы еді,
Қайран сенің оқушылық күндерің.
Қимастықпен қоштасуға келгенде
11 жыл тез қалай өтті, білмедің?!
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана,
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада,
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген – өмірге берген жолдама, – дей келе, түлектердің көптен күткен қуанышты кезеңі, жүрек шымырлатар қимас сәті, он бір жылғы төккен терінің жемісі, он бір жыл бойы алған білімінің белгісі аттестат алу кезі келгендей.
Түлектерге аттестат тапсыру сәті

Жүргізуші.
Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір –дей келе құттықтау сөз кезегі ардагер ұстаздарда

Жүргізуші:
Көрмедін ойлап бас қамын
Шәкірттер жатыр ұшқалы
Өмір дегенің қас – қағым
Балапанын ұшырған ұясынан
Сөз берейік ұстаздар қауымына!

Ән : «………………………………………..»

Жүргізуші:
Қандай ғажап қарашы айналаңа,
Бақыттан басың, сiрә, айнала ма?!
Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,
Қүрметпен сөз берейiк ата-анаға, – дей отырып,
бүгінгі мектеп бітіруші түлектерді құттықтау сөз кезегі ата – аналарға беріледі (2-3 ата – ана сөйлейді)
Ән : «………………………………………..»

Жүргізуші:
Түлектердің бәрі де бір- бір өлең,
Көздерінен жайнаған нұрды көрем.
Түлектердің атынан сөз сөйлейді.
Ақайнадай өрендерің
(Түлектердің сөзі)
ХОР: «Қош бол мектебім»
Жүргізуші:
Арнау:

Алқынып арман тұнған жүректері,
Бұл күн – дағы өмірдің бір өткелі.
Орындалып ойлаған армандарың,
Қия – шыңға өрлеңдер, түлектерім.
Шыныбеков мектебінің бүгін, міне,
Жиырма сегізінші түлектері.
Күтсін дейміз алдыңнан күліп бағың,
Жоғалмасын ата – салты, ғұрыптарың.
Кір келтірме ата – ана, мектебіне,
Өскен орта, ұяңды ұмытпағын.
Құтты болсын аттестат алғандарың
Орындалсын өмірде армандарың.
Жарқырасын жалындап шырақтарың,
Жайқалыңдар шалғындай, құрақтарым.
Бәрің көркем, шетіңнен әдемісің.
Тұрсыңдар сондай бүгін ұнап бәрің.
Құтты болсын ата- ана, қуанышың,
Жасқа толды кәмелет жұбанышың.
Қанат қомдап ұядан ұшқалы отыр,
Он бір жыл білім нәрін сусындатып,
Мектепті де бітірді есен – аман.

Алдарында жол жатыр таралған мың,
Шақырады қол бұлғап сан арманың.
Жеткіншіктер жеткізіп мұраттарға,
Орындар әке мен ана арманын.
Сенімдердің айналсын серперіне
Ұстаз біткен тілейді ақтарылып
Тек сәттілк – елімнің ертеңіне

Айналайын жаз – жарқын жүздерінен
Аластайтын жанымды күз көңілден.
Біз – сендердің мәңгілік тілекшіңбіз
Тілеу тілеп тұратын іздеріңнен.

Жүргізуші:

«Батамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» дегендей бата сұрамақпыз.

Жүргізуші:

Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
-.деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.
Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Болашаққа нық қадам» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.Сау-саламатта болыңыздар.


Источник: http://sabaq.kz/16299/%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B0%D2%9B%D2%9B%D0%B0-%D0%BD%D1%8B%D2%9B-%D2%9B%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC-%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%81%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%82-%D1%82%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D1%81%D1%82/


Закрыть ... [X]

Мектеп бітіру кешін йымдастыру жне ткізу - Образование Пожалуй лучшее пожелания для сына

Аттестат алу кешіні? сценарий Болашаа ны адам (Аттесттат табыстау кеші) стаздара
Аттестат алу кешіні? сценарий Мектеп бітіру кешіні сценариі 11- сынып - Инфоурок
Аттестат алу кешіні? сценарий МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ » азастан стаздарына арналан
Аттестат алу кешіні? сценарий «Ст сапар, жас тлек-2014» мектеп бітіру кеші
Аттестат алу кешіні? сценарий МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ - стаздар сайты
Аттестат алу кешіні? сценарий Мектеп бітіру кеші
100 ВОПРОСОТВЕТОВ ПО ТРУДОВОМУ КОДЕКСУ РФ 27 мая - Общероссийский день библиотек. Централизованная Yves Rocher, Интернет магазин косметики и парфюмерии Ив Биография - Виктория Лопырева ДЕНЬ ПОБЕДЫ - сценарии и презентации на 9 мая Игрушки Могучие Рейнджеры Самураи купить Power Rangers Крестнику Поздравления Музеи Московского Кремля: ОБРАЗОВАНИЕ