Соңғы қоңырау 2014

       Құрметті қонақтар аяулы ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер. Бүгінгі күн жас жеткіншек ұрпақтар үшін ұмытылмас сәт. Бүгінгі таңда Елтай ОМ оқушыларының білім көкжиегінде көрсеткен жетістіктері, көңілге сенім ұялатарлықтай, дәл осы сәт жаңа білім ошағының мектеп бітіруші түлектері жаңа өмірге қадам басқалы тұр Олай болса «Соңғы қоңырау – 2014» салтанатты жиынын ашық деп жариялаймын.

         Нұрлы бүтін арқалаған арқаға

         Жан сәулесін тарататын баршаға

         Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп

         Түлектерді шақырайық ортаға

Тәжірибелі ұстаз Аймихан Ж. жетекшілік ететін 11 сыныптан 14 оқушы бітіргелі тұр. Бүгінгі таңда мектебіміздің мерейін үстем етіп, ұстаздардың үкілеген үмітін ақтағалы отырған оқушылар:

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін!

(әнұран орындалады)

 

4.      Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың,
Ұстаз-деген – аяулы, ардақты адам.

Өмірде өшпейтін іс балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық қамқорлығым деп түсінген мектебіміз директоры: Шахатова Жанна Кабеновнаға сөз беріледі.

5.      Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз.

  Тілек сөз  Бұланды аудандық Әлеуметтік бағдарлама және жұмыспен қамту бөлімінің жетекшісі Исмағамбетова Кенжебике Нығметжановнаға беріледі.

Сөз Никольск с-о әкімі Кабдин Пайзулла Шаймерденұлына беріледі.

  Сөз «Николск» ЖШС директоры Жаңадилов Қазақстан Халенұлына беріледі.

 

Сөз мектебіміздің  оқу ісінің меңгерушісі:  Сыдых Б.

6.      Ата-ана тәрбиелеп балапанын

Әлдилеп, аялаған алақанын

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын деп

Ата-аналарға сөз   беріледі.

7.      Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенің қас-қағым.

Бірге өткізген күндерің, қысы-жазында,

Жазып шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан,

Сөз берейік жетекші ұстазына деп

 Келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі Аймихан Жанаргүлге беріледі

 

8.      Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.

             Түлектер! Сендерді бүгінгі мерекемен құттықтауға келген 1 сынып оқушыларына сөз кезегін береміз.

 

9. Сөз кезегі мектебіміздің түлектері 11 сынып оқушыларына беремсіз

  10. Бүгінгі күн – жас түлектің жаңа өмір баспалдағына жолдама берілетін күн.Тек биіктеп самғай беріңдер көгершіндер.

                       Көгершіндей самғаңдар түлектерім,

                       Орындалсын өмірде тілектерің.

                       Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.

                       Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.

                    Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Шақырайық вальске түлектерді

Қоштасудың вальсін айтып тұрып.

 «Қоштасу вальсі». Ортаға бітірушілер ән әуенімен шығып, вальске билейді.

 

11.               Гүлдерге толып омырау

Түлектер тойын тойлайды.

Қағылмақ соңғы қоңырау

Қаққызбай өмір қоймайды.

Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11 сынып оқушылары

_Ғарифолла Амангүл мен Игілік Ерқоныс_және 1 сынып оқушылары

_Қасымжанова Малика мен Ғарифолла Таңатханға тапсырылады.

                      

12.   --Бұл соңғы қоңырау үні...Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу

   үні. Осыдан 11 жыл бұрын  өздеріңе жаңа ғана ақ жол тілеген бүлдіршіндер секілді едіңдер. Көз салып қараңдаршы...сендер де сондай тәтті едіңдер,  бір сәт балалықпен қауышыңдар...Әне, олар сендерді үлкен өмірге  аттандыруға бара  жатыр... Жүректерің не дейді?

Дауыс (музыка әуенімен): -Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,

                                               Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.

                                               Сол бір сәттер енді қайта келер ме?

                                               Балалығым біз өзіңді қимаймыз,

                                               Алтын ұя мектебім мен аяулы

                                               Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз.

                                              Қош бол енді балалығым бал дәмім

                                       Мен өзіңді ғұмыр бойы аңсаймын.                                                                                                                                               

-Үлкен  өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын!

                 Жас түлектер!!!

               -- Қоштасады алтын ұя мектебің,

                     Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн

                        «Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз,

                              Тілейік біз армандарға жеткенін.

13. ҚР мемлекеттік туы шығарылсын

  14. Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.

"Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!"

 (мектеп бітірушілер кеші)


      Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер.

2013-2014 оқу жылында 13 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр.


Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын! Дей отырып мектебіміздің түлектерін ортаға шақырамын.

Игілік Ерқоныс                      Шауалиев Жанболат Талғатович

Кабдуали Диана Нұрланқызы   Жақсылықов Рүстем Таласпаевич

Ғарифолла Аманжол                    Қасымжанов Раймбек Мұратович

Народ Роза                                    Тоқтаров Шыңғыс Оразалинович

Балпанов Бекзат Айтбатырович      Сейтбек Сымбат Бөлтірікқызы

Хуанған Нұрбол Аманбайұлы   Ершін Нұржанат

Төлепберген Боранбай
 -Қараңыздаршы, кешегі осы мектеп табалдырығын тарыдай ғана боп аттаған кішкене бүлдіршіндер, міне бүгін бір-бір шоқ жұлдыздай болып  алдарындарыңызда жарқырап тұр

     Бүгінгі кеш – сіздер үшін қымбатты да қадірменді түлектер!

Бүгінгі айтылар тілек, орындалар ән мен күй, ыстық құрмет, дуылдата соғылған шапалақтар Сіздерге арналады

  Жаста болса әлемге танылып күннен күнге көркейіп, өсіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ отанымыздың түпкір-түпкірінде ғана емес, алыс жақын шет елдерде де, еліміздің атын тек қана жақсы, баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер.

  Құрметті қонақтар, түлектер Елтай орта мектебінің  «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім» атты мектеппен қоштасу салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймын.


(Ән ұран ойналады.)

Бүгінгі «Қош бол, ұстаз алтын ұя мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.
1.
2.

3.

қатысып отыр. Қош келдіңіздер.

Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры Шахатова Жанна Кабеновнаға  беріледі. 

Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берійік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
құрметті қонағымыз Аудандық Қазақтелеком бөлімінің бастығы Сарманов Қойшыбай Сарманұлына беріледі.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі Никольск селолық округінің әкімі Кабдин Райзулла Шаймерденұлына беріледі.

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен оштасу теріңнің жемісі, 
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.
Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте- дей келе,
Аттестат тапсыру салтанатты  рәсімі мектеп директоры Шахатова Жанна Кабеновнаға тапсырылады.
     (Салтанатты түрде куәлік тапсыру)

 

Қымбатты түлектер аттестаттарыңыз құтты болсын

Әрқашанда денсаулықтарыңыз мықты болып әрдайым армандарыңыз 9 сынып мектеппен?оштасу кеші сценарий орындала берсін деген ниетпен келесі музыкалық құттықтауды қабыл алыңыздар

Ән:       «Арманым»       Жанарбек

Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас-қағым.
5 сыныптан бері жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген сынып жетекшілері Аймихан Жанаргүл мен Азамат Раушанға алғысымыз шексіз. 
Келесі сөз кезегі 11б сынып жетекшісі Аймихан Жанаргүл мен Азамат Раушанға беріледі.

  Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз-қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе
   Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз яғни  мектебіміздің жас түлектеріне сөз беріледі.

1.     Тақпақ     Сымбат

2.     Ән: «Әкелер» Ерқоныс

3.     Ән: «Мектебім» Сымбат, Амангүл

4.     Ән:     «Ақсәулем»          Иманмағзам

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты,
Мың бұралып бишілер би билейді.
Халайық қол соғыңыз мархабатты.- дей келе, алдарыңызда түлектердің биін тамашалаңыздар

5.     Вальс

6.     Ән:          «Әкешім»            Иманмағзам

7.     Хор «Ұстазым»

 

  Ата-ана тәрбиелеп балапаның, 
Әлдилеп, аялаған алақаның, 
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар, 
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата-аналаға сөз беріледі.

Қиындықтар мойытпасын сендерді, 
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді 
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
-.деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.
Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.

 


Источник: http://sc0018.bulandy.akmoedu.kz/documents/view/1BA241BCA26EA0CB.html


Закрыть ... [X]

Соы оырау жне мектеппен оштасу кешіні Поздравления с днём рождения заведующую магазина

9 сынып мектеппен ?оштасу кеші сценарий Сценарий Білімділер сайты
9 сынып мектеппен ?оштасу кеші сценарий 30 смешных и философских открыток с крылатыми фразами с просторов
9 сынып мектеппен ?оштасу кеші сценарий Абитуриентам Высшая школа печати и медиаиндустрии
9 сынып мектеппен ?оштасу кеші сценарий Благодарность за поздравления
9 сынып мектеппен ?оштасу кеші сценарий Как принять и отправить подарок в World of Tanks?
9 сынып мектеппен ?оштасу кеші сценарий Как сделать подарок? - Финансовые вопросы - Официальный форум игры
9 сынып мектеппен ?оштасу кеші сценарий Конкурс на название блюд и напитков на
9 сынып мектеппен ?оштасу кеші сценарий Конкурс-выставка «Самое здоровое блюдо». Новости г.Сыктывкар
Критерии оценивания проектно-ииледовательских Мы в этот час сказать еще должны О тех, кто подарил нам жизнь ПОДАРКИ ПРИВЕЗЕННЫЕ ИЗ ИЗРАИЛЯ - Одноклассники Планшетный принтер по ткани. Печать на футболках Поздравления Владиславу с Днем Рождения Поиск картинок на тему новогодние подарки фото Протокол окружного конкурса Эколог Югры 2017